Қ А З А Қ
Қ А Т Ы Н А С
Ж О Л Д А Р Ы
УНИВЕРСИТЕТІ

Тілді таңдаңыз: Қаз Руc Eng

Біздің студенттерге

Қазақ қатынас жолдары университеті  2000 жылы құрылды. Көлік және көлік құрылыс саласы бойынша жоғары технологиялық мамандар даярлаумен айналысады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мерзімсіз лицензиясына 29.05.2015 жылы   АА № KZ58LAA00004977 ие, 2004 жылдың қарашасында, 2008 жылдың желтоқсанында, 2010 жылдың ақпанында, 2015 жылдың қарашасында ҚР БҒМ  кезекті мемлекеттік аттестациясынан өткен.   

      Университетте мамандықты даярлаудың  көп деңгейлі:  колледж, бакалавриат, магистратура, РhD докторантура жүйесі жүзеге  асырылуда. 05.05.04 - жол, құрылыс және көтергіш-тасымалдау машиналары  05.22.06 - темір жол, темір жолды зерделеу және жобалау мамандықтар бойынша докторлық, кандидаттық диссертацияларды қорғайтын  диссертациялық  кеңес жұмыс істейді. 

   Білім алушы студенттер үшін ғылымға, оқуға, мәдени және спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған.

Университет  заманауи  евро жөндеуден өткізілген екі, төрт және алты қабатты  оқу ғимаратында   орналасқан.Оқу ғимараттары техникалық кадрларды және ғылыми зерттеулерді орындау  мақсатында қазіргі заманауи техникамен және зертханалар базасымен жабдықталған.  

Компьютер сыныптары жалпы және арнайы заманауи компьютерлермен жабдықталған. 2010 жылы №117 заманауи оқу зертханасы, сондай-ақ №01, №102 қосымша жарықтандырылған зертханалар ашылды.  Студенттер осы зертханаларда өздерінің тәжірибелерін жасауға, яғни станциясының кезекшісі мен пойыз диспетчері жұмысын істеуге, сондай-ақ темір жолды басқару мен автоматтандыру білімін қолданыла алады. Істеп тұрған бұл тренажёрдің Қазақстанда баламасы жоқ. Барлық зертханалар мен аудиториялар техникалық оқу құралдарымен  және проекциялық қондырғылармен жабдықталған. Заманауи аудио және видеотехникалық жабдықтармен жабдықталған лингафон бөлмелері бар.

Теміржолдың шынайы техникасымен құрылған полигон университет аумағында орналасқан. Машинистің виртуальды кабинасы техниканы терен білу және оқытылған пәндерді жеңіл қабылдау үшін орнатылған.

Университет жанындағы кітапхана рухани және интеллектуалды қарым-қатынасты, мәдени  білім тарататын  орталық болып табылады.Кітапханада оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердің бірегей қоры сақталған кітапхана. Бүгінде қордың көлемі 400 мыңнан астам дананы құрайды.. Сондай-ақ кітапханаға жыл сайын  50-ден астам журнал мен газеттерді, жаңадан түскен әдебиеттердің  электрондық нұсқаларын алып отырады. 

         Университеттің аймағы студенттерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында  жасыл түске оранып, түрлі-түсті әсем гүлзарлармен қоршалған. Универстеттің ғимаратында   жайлы   асхана, медициналық бөлімше орналасқан. Сондай-ақ  стандартты,ашық (1000 м²)  және жабық (1 540м² ) түріндегі  футбол, баскетбол, волейбол алаңдары,  сауықтандыру кешені, сондай-ақ жақсы жабдықталған тренажер залы бар.Сауықтандару кешенінде: жеңіл атлетика, үстел теннисі,еркін күрес, таэквондо т.б сияқты әртүрлі секциялар жұмыс жасайды.

Мұқтаж студенттерге еуропалық стильде безендірілген жатақхананың 2, 3 және 4-төсекті жайлы нөмірлеріне орналастырылады.Жатақханада кітапхана, кең оқу залы,    сондай-ақ  спорттық жабдықтармен жабдықталған тренажер, оқу-жаттығуы залы, тәулік бойы істейтін медициналық бөлімше жұмыс істейді.Студенттерге жоғары деңгейде барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған,  жылдың  салқын мезгілінде ғимарат  өздігінен жылынады,  душ, жайлы ванна бөлмесі, асхана бөлмелерімен қамтылған Жатақхана ғимараттарын тәулік бойы  «Күзет» қызметі күзетеді.

         Университет жанынан Техникалық-экономикалық колледжі ұйымдастырылған, темір жол саласы бойынша байланыс, программист, автомеханик және  басқа да экономикалық мамандықтарды даярлайды. Колледж түлектеріне мемлекеттік үлгідегі  диплом тапсырылады. Колледж түлектеріне ҚҚЖУ түсуге жеңілдік  беріледі. 

Сайт бойынша


Жаңалықтар

COVID-19 бойынша жиі қойылатын сұрақтар Ары қарай...
2020 - волонтер жылы Ары қарай...
«Коронавирус инфекциясын алдын алу» мақсатында студенттермен оқытушыларға дәріс өткізілді Ары қарай...
Студенттері арасында «конькиден» ұйымдастырылған жарыс Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1, 2, 3 оқу ғимараттары

Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: kups1@mail.ru
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү., Жетысу-1ықш-ауданы, 32а
Мына автобустармен келе аласыздар: №67, 112, 85, 95, 106


№4 оқу ғимараты

Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: kups1@mail.ru
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.
Мына автобустармен келе аласыздар: №67, 112, 85, 92, 4

s