КАЗАХСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
ПУТЕЙ
СООБЩЕНИЯ

Выберите язык: Қаз Руc Eng

«Нұрлы жол» ақиқаттың айырықша бағдары!

«Нұрлы жол» ақиқаттың айырықша бағдары!

Әр аптаның жұма күндері университетіміздің ұстаздары үшін саяси және ғылыми сауат алып, соның нәрімен қуаттанатын сәт. Өйткені университет ректоры, академик Омаров А. Ж. кеңейтілген жиын ашады. Қатысатындар: орынбасарлары, бөлім басқармалары, кафедра меңгерушілері, профессорлар мен доценттер, тәжірибелі ұстаздар, әр түрлі деңгейдегі мамандар. Амангелді Жұмағалиұлының аузынан шығатын саяси ұсталымының бағдарын білу мен ғылыми жаңалық жүйесін есту және қабылдау.

Біздің елдегі тұрақтылықты мақтан етіп, қоғамдағы басымдық танытатын саяси мәдениет пен ағымдағы саяси тәжірибенің, сәйкестігі мен алшақтығының дәрежесін анықтау барысында былай: «Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдап, президенттік сайлау өткізу бастамасын, Ел мүддесіне сай келетін шешім, ақиқаттың айырықша бағдары екенін түсіндірді. Осының бәрі дерлік, тәуелсіз елдің жарқын болашағын ойлап, ақылмен болжай жасалатын маңызды іс. Біз де жұдырықтай жұмылып, біркісідей қатысуға тиіспіз. Сондықтан да, алдағы айтулы оқиғадан тыс қалмай, Елбасын таңдап, президенттік сайлаудың жақсы өтуіне атсалысайық. Ортақ игілікке қол жеткізу үшін біз барлық партиялар мен бірлестіктермен белсенді үн қосып, сындарлы пікір алмасуға және ой бөлісуге дайынбыз. «Нұр Отан» - ХХІ ғасырдың, болашақтың партиясы. Астана қаласында 11-ші наурыз күні, Нұр Отанның ХVІ съезі өтті, оған 1200 делегат қатысып, Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлын президенттік сайлауға түсуін қолдаумен бірауыздан дауыс берді. Елбасының даналығы, гуманизмі, мұқалмас ерік-жігері, болашаққа ұмтылысы және халқына шексіз беріле қызмет етуі біз үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де әрқашан үздік үлгі бола бермек. Бізде партияның ұсынысын қолдаймыз» -деп, академик Омаров Амангелді Жұмағалиұлы сөзін аяқтады.

 

Тәрбие ісі жөніндегі ректордың орынбасары,

ҚАШАБАЕВА Роза Ахметқазықызы.

 



Навигация по сайту


Новости

12.12.2017 ЖИТС орталығындағы семинар-тренинг Далее...
12.12.2017 ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті Далее...
12.12.2017 Үздік бейне роликтер байқауы Далее...
29.11.2017 Открытый урок Далее...

Контактная информация

Учебные корпуса № 1, 2, 3

Тел: 376-74-78 (внутр. 515)
Факс: 376-74-81
Электронный адрес: kups1@mail.ru
Адрес:050063, Республика Казахстан, г.Алматы,
мкрн. Жетысу-1, д.32а, мкрн. Жетысу-1, д.32а,
Городские автобусы: №67, 112, 85, 95, 106


Учебный корпус №4

Тел: 299-49-69
Электронный адрес: kups1@mail.ru
Адрес:050063, Республика Казахстан, г.Алматы,
мкрн. Мамыр-1, улица Шаляпина д.21/1
Городские автобусы: №4, 67, 112, 85, 92