Қ А З А Қ
Қ А Т Ы Н А С
Ж О Л Д А Р Ы
УНИВЕРСИТЕТІ

Тілді таңдаңыз: Қаз Руc Eng

Бөлімшелер

Тіркеу кеңсесі

Тіркеу-офисі

Тіркеу-офисі - білім алушылардың оқу жетістіктерін толық ақпаратты тіркеумен айналысатын қызмет, оның академиялық рейтингісін есептейді және білім бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Тіркеу-офисінің бастығы: Нуралина Айнұр Қуанышқызы

Мекен-жайы:  Алматы қ, 050063, Жетысу-1, ықш-ауданы, 32а ү.

Қазақ қатынас жолдары университеті, 1-ші оқу ғимараты, 204а бөл.,

Жұмыс уақыты күн сайын   8 00 -17 00-ге дейін

Байланыс телефондары: 8-727-376-74-78 (ішкі.537), kups1@mail.ru

1. Тіркеу офисінің функциялары

1.1  Тіркеу-офисінің жұмысын талдау және жоспарлау;

1.2 Барлық мамандықтар бойынша құрастырылған академиялық жазбалардың  процесін басқару және компьютерлендіру;

1.3 Курстан курсқа аудару және  тіркеу , білім беру процесінің  ұйымы;

1.4  Академиялық топтарды құру

1.5  Студенттердің құрастырған жеке жоспарларын бақылау;

1.6  GPA деңгейі және бағалау саясатын үйлестіру;

Жоғары білім берудегі кредиттік оқыту жүйесін пайдалана отырып, білім беру процесі мынадай формаларда ұйымдастырылады:

 - аудиториялық сабақтар: дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық, студиялық сабақтар;

- сабақтан тыс сабақтар: студенттердің өзіндік жұмысы, соның қатар оқытушының басшылығымен (СОӨЖ) жеке кеңес, Интернет сессиялар, бейнеконференциялар, телекөпірлер;

- оқу және кәсіби тәжірибеден өту, ғылыми-зерттеу жұмысы,  дипломдық жұмысты дайындау (жобаны).

- студенттердің оқу жетістіктерін бақылау: ағымдық және аралық бақылау (сабақта сұрақ қою арқылы, оқу пәнінің тақырыптары бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды қорғау, курстық жұмыстар, коллоквиумдар және т.б.), аралық аттестация / қорытынды бақылау (оқу пәндерін бөлім бойынша тестілеу, емтихан, практика бойынша есебін қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестаттау (дипломдық жұмысты қорғау (жоба));

- оқу құжаттама формаларын (студенттердің анықтама-жолсерігі, студенттердің  жеке оқу жоспары және т.б.) кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сәйкес дамыту;

- кредиттік оқытудың проблемаларымен айналысатын басқа да жоғары оқу орындарымен, ведомствалық мекемелермен тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асырырылады және кредиттік жүйенің артықшылықтары толық іске асырылады.

1.7  Студенттердің үлгерімін  талдау үшін статистикалық деректер мен ақпаратты дайындау;

1.8 Студенттер үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету және басқару:

-    студенттердің академиялық үлгерімінің есебін сақтау;

-    студенттердің  ағымдағы рейтингісін ұйымдастыру.

1.9 Оқу формаларының барлық түрлеріне аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;

1.10  Транскрипін беру;

1.11 Факультет әкімшілігімен, эдвайзер, тьютораларымен өзара қарым-қатынасы.

1.12  Студенттердің шығып және қайта қабылданған құжаттарын дайындау:

-    басқа ЖОО-нан ауыстырылған студенттердің құжаттарын қабылдау;

1.13  Студенттерлің іс- әрекеттерін есепке  алып отыру 

2. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау.

Студенттердің (білім алушылар) оқу жетістіктеріндегі оқу тапсырмаларының барлық түрлері үшін бағалау мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес балдық-рейтингілік әріптік жүйе бойынша бағаланады және жоғары оқу орындарында дәстүрлі бағалау шкаласына ауыстырылған.

Кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес студенттердің үлгерімін жүйелі түрде текскеру,  оқытушылармен бірге  академиялық кезең ішінде аудиториялық және аудиториядан тыс кестеге сәйкес тест түрінде сессиясын тапсыру аяқталғаннан соң ағымды бақылау жүргізіледі.

Курс аяқталған соң бір пәннің бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында студенттерге ағымдағы аттестация жүргізіледі. Студенттердің аралық аттестациясы емтихан түрінде өтеді.

Студенттердің қортынды аттестациясы - білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен қамтылған пәндер көлемін меңгеру деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын процедура.

 

ПӘНДЕРГЕ ОНЛАЙН-ТІРКЕУ

БОС ГРАНТ ОРЫНДАРЫНА ОНЛАЙН ӨТІНІМ БЕРУ


Оқу бөлімі

Оқу бөлімі өз алдына бөлек құрылымдық бөлімше болып табылады. Оқу бөлімінің негізгі мақсаты жоғары білікті мамандар дайындау үшін оқу үдерісінің тиімді жұмыс істеу жағдай жасау.

Оқу бөлімінің бастығы – Бекмамбет Қанағат Матығұлқызы

Мекен –жайы: Алматы қаласы, Жетісу ықшам ауданы – 1, 32а –үй.

Қатынас жолдары университеті, 1- ғимарат, 215 – кабинет

Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма 9.00 - ден – 17.00 – ге дейін

                         

Байланыс телефондары 8(727) 376 – 74 -78 (ішкі 548)

 

Оқу бөлімінің қызметі

-         ҚР БжҒМ – нің білім саласындағы заңнамасына сәйкес ҚҚЖУ –дағы оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, шұғыл басқару және бақылау;

-         барлық мамандықты МЖБС –мен қамтамасыз ету;

-         барлық мамандықты МЖБС  - ның оқу жоспарына сәйкес (ары қарай ТОЖ) жұмыс оқу жоспарымен (ары қарай ЖОЖ) қамтамасыз ету;

-         оқу үдерісінің кестесін құру;

-         кезекті оқу жылына арналған оқу үдерісінің жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша уақыт мөлшерін анықтау;

-         аудиториялық және зертханалық қормен қамтамасыз етуді және оның жай-күйін бақылау.

-         оқу сабақтарының сабақ кестесін құру;

-         кафедралардағы ПОҚ – тың семестр және жылдық оқу жүктемесін орындауына бақылау жасайды.

-         ҚР БжҒМ – н бекіту үшін Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (ары қарай МАК)  мен мемлекеттік емтихан комиссиясы (ары қарай МЕК) төрағаларының кандидатуралары бойынша құжаттар дайындайды;

-         қатаң есептегі бланкілерге өтініштерді рәсімдейді және бұрынғы есептегі құжаттамалар қозғалысының есебін жүргізеді,

-         оқу үдерісін қамтамасыз ететін кафедралар мен басқа да құрылымдық бөлімшелер міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар мен нұсқаулардың жобасын дайындайды;

-         кафедралардың оқу үдерісі бойынша бұйрықтар мен нұсқаулардың  орындауын қадағалайды;

-         құрылымдық бөлімше басшылары мен бірге (бірігіп) ҚҚЖУ қызметкерлерін қызметінен босату және тағайындау, сондай –ақ алғыс жариялау немесе оқу үдерісін бұзғаны анықталған жағдайда тәртіптік жаза қолдану жөніндегі ұсыныстарды жасайды.

Оқу бөлімі қызметкерлерінің тізімі 

 Аты - жөні

 Лауазымы

1

Бекмамбет Қанағат Матығұлқызы

 Оқу бөлімінің бастығы

2

Шалқарбек Индира Талғатқызы

 Оқу бөлімінің жетекші маманы

3

Кошкина Оксана Александровна

 Студенттік  кадр бөлімінің жетекші маманы

4

Иманқұлова Арайлым С

 Студенттік кадр бөлімінің маманы

5

Закирова Әделия Айдосқызы

 Оқу бөлімінің жетекші маманы

6

Адильбекова Айнур Саметовна

 Оқу бөлімінің маман диспетчері

7

Турдахын Жансая Дауреновна

 Маман хатшы

 


Қабылдау комиссиясы

Қабылдау комиссиясы

 

       Қабылдау комиссиясы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қабылдау комиссиясының негізгі мақсаты – қабылдау компаниясын ұйымдастыру: ЖОО түсетіндердің құжаттарын қабылдау және білім беру мекемесіне қабылдануын қамтамасыз ету.

      Ағымдағы оқу жылына қабылдау ережелерін әзірлеу - қабылдау комиссиясының негізгі жұмысы болып табылады.

      Қабылдау комиссиясы кезең-кезеңімен азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, болашақ талапкерлердің   ауызша және  электронды  сұрақтарына  жауап береді. Қабылдауға қатысты анықтамалықтар мен  буклеттерді,  жарнамалық проспекттерді  басып шығаруға дайындайды; қабылдау комиссиясының стендттерін безендіреді. Кәсіптік бағдар сабақтарын жүргізеді және  дайындық курстарын ұйымдастырады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы – Жобалаев Думан Максимович

Мекен–жайы: Алматы қ., Жетысу-1ықш. ауданы, 32а үй.

Қазақ қатынас жолдары университеті, 1 - ғимарат, 110а каб.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма  9.00-дан 17.00-ге дейін

сенбі  9.00-дан 15.00-ке дейін

Байланыс телефондары: 8(727) 3814334; 376-74-78 (ішкі 555);

ұял. т. 8-705-100-09-66

Қабылдау комиссиясының қызметі:

- пән комиссиясының құрамы мен қабылдау комиссиясының техникалық қызметкерлерін жасақтайды;

  • - түсу емтихандары (сынақтар) мен кеңес беру кестесін құрастырады;
  • - талапкерлердің құжаттарын қабылдайды;
  • - қабылданушыларды түсу емтихандарына жіберу  мен  конкурсқа қатысу шарттарын анықтау туралы шешім шығарады;
  • - түсу емтихандарын (сынақтар) жүргізеді;
  • - қабылданушылардан  алынған жазбаша емтихан жұмыстарына шифрлау мен дешифрлау жүргізеді;
  • - 1-ші курсқа қабылданғандардың тізімін  жасайды ;
  • - ақылы оқудың келісім-шартын  дайындайды.
  • ЖОО-ға талапкерлердің құжаттарын қабылдау кезінде қабылдау комиссиясының өкілі талапкерге оқу қызметін жүргізу құқығын куәландыратын лицензиямен,  сондай-ақ әрбір  оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша дайындайтын мемлекеттік аккредиттеу куәлігімен,  жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік құжаттарды беретінін түсіндіріп, таныстыруға міндетті. 

Қабылдау комиссиясы  қызметкерлерінің құрамы

Аты - жөні

Қызметі

1

Жобалаев Думан Максимович

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

2

Жасұланова Наризат  Саятқызы 

Жетекші маман

 

Докторантура

Қазақ қатынас жолдары университетінде PhD докторантураны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізінде оқуға құжаттарды қабылдау өткізілуде.

 

PhD докторантурасының мамандық тізімдері

п/н

Дайындық бағыттарының коды және атауы

Білім беру бағдарламалары топтарының коды және атауы

Білім беру бағдарламаларының коды және атауы

1

8D071 – Инженерия және инженерлік іс

D100 – Автоматтандыру және басқару

D100(6D070200) – Автоматтандыру және басқару

2

D104 – Көлік, көліктік техника және технологиялар

D104(6D071300) - Көлік, көліктік техника және технологиялар

3

8D073 – Архитектура және құрылыс

D124 – Құрылыс

D124(6D072900) – Құрылыс

4

D126 – Көлік құрылысы

D126(6D074500) – Көлік құрылысы

 

 

Докторантураны  оқу мерзімі – 3 жыл

 
Талапкерлерге қойылатын талаптар

 

  • - Магистр дәрежесі
  • - Игерген міндетті пән-пререквизиттер саны
  • - Ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетігі
  • - 3 жылдық тәжірибе

 

Құжаттарды қабылдау күнтізбесі

ҚҚЖУ  қабылдау комиссиясының жұмыс күнтізбесі

№ п/п

Атауы

Мерзімі

1

 Докторантураға өтініштерін қабылдау

 2020 ж. 1 шілдесінен 30 шілде аралығында

2

 Докторантураға түсу үшін емтихан тапсыру

 2020 ж. 10-ы тамызы мен 30 тамызы аралығында

3

 Докторанттар санына қабылдау

 2020 жылдың 28 тамызына дейін

 

 

Докторантураға  түсу үшін керекті емтихандар

 

  Барлық мамандықтар

 Шет тілі бойынша емтихан немесе IELTS 6,0 –ден / TOEFL сертификаттарын беру

 Арнаулы пән бойынша емтихан /біріктірілген формада, ауызша, немесе тест түрінде

 


Мансап және тәжірибе орталығы

Мансап және тәжірибе орталығы 

                                       1 – Мансап және тәжірибе орталығы.

    1 – МТО мақсаты мен міндеттері

    -  ҚҚЖУ студенттеріне арналған вакакнсиялар

    3 -  Тәжірибе базалары

    4 – Жұмыс берушіден онлайн -өтініш

 

1 – Бөлімше алдында  келесі негізгі мақсаттар мен міндеттер тұр.

- Тәжірибенің барлық түрлері мен тәжірибе базасын бірлесе қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

-Кәсіби тәжірибенің өтуін бақылау .

- Университет көмегімен студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуын % арттыру.

- ҚҚЖУ түлектер ассоциация қызметінің жұмысын үйлестіру.

-ҚҚЖУ түлектерімен байланысты қолдау. 

МТО бастығы

Шарипов Қадырбек Сұлтанбекұлы

Мекен–жай: Жетісу – 1. 32 А ү

ОҒ № = 1 бөл 120

Тел. +7(727)276-74-78

ішкі (516).

 

Құрметті сайт қонақтары!

Егер сіз біздің ұсыныстарымызды қолдансаныз, онда біз  сізбен кері байланыс жасауға қуаныштымыз. Қызықтыратын сұрақтар  бойынша, тел. 376-74-78 (ішкі 516)

 

Жас мамандарға арналған вакансиялар:

  • Сіз  2013 жылға дейінгі  ЖОО түлегісіз бе?
  • Сіздің көрсеткіштерініз 85% төмен емес пе (немесе GPA 3,33-тен кем емес пе)?
  • Сіз өршіл, көп  жұмыс істеуге дайын және өз біліктілігінізді арттыруды көздейсіз бе? 
  • Сізге үлкен тұрақты мұнай-газ секторлы компанияда  жұмыс жасау қызық па? 

Әкімшілік қызметке

 

Маман

 Ең аз жалақы

 Ең жоғары жалақы

Бухгалтер, экономист, заң кеңесшісі

160 000

200 100

Бухгалтер

144 000

180 000 

Техникалық қызметке

Маман

 Ең аз жалақы

 Ең жоғары жалақы

Еңбек қорғаушысы мен техника қауіпсіздігінің инженері

128 000

200 100

Байланыс инженері

149 000

180 000

Біз ұсынамыз:

  • Қазақстандағы ең үлкен мұнай компаниясында жұмыс
  • Іскерлік өсу және кәсіби даму мүмкіндігін  
  • Тұрақты жалақы   

Шарттар:

  • Ақтау қ. жұмыс және тұрақты табиғи орны  
  • Жұмыстың тәртібі мен кестесі:

- вахталық әдiспен жұмыс уақыты 11 сағатқа созылады (07.00-ден 12.00-ге дейін   13.00-тен  19.00-ға дейен) Тамақтануға және демалуға 1 сағат  (12.00-ден 13.00-ке дейін) Жұмыс кестесі 10/10 немесе 28/28.

- кеңсе жұмысы үшін күніне жұмыс уақыты 8 сағат  (  08.30-дан 12.30-ға дейін   14.00-тен 18.00-ге дейін)  Тамақтануға және демалуға 1,5 сағат  (12.30-нан  14.00-ке дейін) Жұмыс кестесі 5/2.

Жұмыс беруші өз тарапынан жұмыс орнында қамтамасыз етеді

- Ақтаудан жұмыс орнына дейін көлік қызметін ұсынады;

 -Тұратын орны, тамақтану мен кір жуу қызметі;

 -Жеке қорғану құралдары ,  сондай-ақ медициналық көмек.

 

     Жұмыс берушіден онлайн-өтініш

-        Ұйымның атауы:

 -        Өкіл қызметінің ТӘА:

-        Байланыс:

 -        Мекен-жайы. Эл. Жәшігі

-        Талаптар:

 -        Мамандығы :

 -        Қызметі:

 -        Вакансиялар саны:

 -        Шарттары:

 -        Файл:


ҚАЗАҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ҚАЗАҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  1.      Мемлекеттік үлгідегі диплом;
  2.      Оқу еркін кесте бойынша (сізге ыңғайлы) жүргізіледі;
  3.     Оқытушылармен, курстастармен қарым – қатынас жасау мүмкіндігі: е –mail; чат, форум;
  4.     Сізге тек компьютер мен интернет керек;
  5.      ЖОО – ның әкімшілік органдарымен жеңілдетілген жұмыс процедурасы
  6.      Қашықтықтан оқытудың жаңа ыңғайлы жүйесі мен «Платон» кредиттік технологиясын қолдану.
  7.      Stellus  бағдарламаларын қолдану.

     Қашықтықтан  білім беру технологиясы – ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар арқылы немесе толық емес құралданбаған түрде білім алушы мен педогогикалық қызметкердің  өзара қарым – қатынасы. Ақпараттық – телекоммуникациялық технологиялар көмегімен мекен немесе уақытқа қарамай білім алушы мен оқытушының қашықтықтан өзара қарым – қатынасы негізінде жүзеге асатын білім беру үдерісі.

    Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға қабылданған 1 – курстың барлық студенті қашықтықтан оқыту бөлімінен логинмен пароль алуы керек. Логин мен пароль алған студент сайттан оқу кестесімен, электронды қормен танысуына болады.

    Қашықтықтан оқитын барлық студентте өзінің виртуалды «жеке» кабинеті» болады. Студент кез келген уақытта университеттің профессорлық оқытушы құрамының лекциялары, әдістемелік құралдарымен танысуына рұқсаты бар жұмыс, жеке оқу жоспарын ала алады. Өзінің оқу траекториясын құруына болады. Кез келген анықтамалық ақпаратты, өткізілетін on – line сабақтар мен емтихандар кестесін алуына болады.

Оқу үдерісін жоспарлау

     Оқу үдерісін ұйымдастыру негізі болып ҚҚЖУ Президенті бекіткен мамандық бойынша жұмыс оқу жоспары (ЖОЖ) саналады.

     Оқу жылының аяғында студенттер эдвайзердің көмегімен қашықтықтан оқыту технолгиясы факультетінің деканы бекіткен жеке оқу жоспарын жасайды.

     Кафедраларда әрбір студентке немесе топқа арналған оқу жоспарының негізінде жасалған оқу және бақылау шараларының орындалатын мерзімі көрсетілген жеке кесте жасалады.

     Университеттегі қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша сабақтар теледидарлық лекция, бейне лекция, мәтіні электронды тасығыштарда жазылған виртуальді лабараториялық практикумдар түрінде жүргізіледі. Студенттің өзіндік жұмысы оқу – әдістемелік және оқу әдебиетімен компьютерлік дискілермен, университет порталындағы қашықтықтан оқытатын курстармен сондай – ақ университеттің электронды кітапханасын пайдаланып, жұмыс істеуден тұрады.

    Қашықтықтан оқыту технологиясы жанындағы Кеңес ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы университет сайтында тьюторлық басқарумен өткізіледі.

 

      Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастыру үшін университеттің профессорлық оқытушы құрамы әр пән бойынша электронды оқу – әдістемелік кешен дайындаған. 

Әр пәннің электронды оқу – әдістемелік кешенінің міндетті және қосымша жиынтығы болады.

Міндетті жиынтық мыналардан тұрады:

-         типтік оқу жоспарынан;

-         жұмыс оқу бағдарламаларынан    (Syllabus);

-         университеттің профессорлық – оқытушы құрамы дайындаған электронды лекциялары конспектісінен;

-         практикалық және семинар сабақтардың материалдарынан;

-         лабораториялық практикумнан; (тапсырма, мысал, әдістемелік нұсқаулардан);

-         СӨЖ және СОӨЖ – ге арналған тапсырмалардан;

-         әр пән бойынша емтихан сұрақтарынан;

-         бақылау шараларын тапсыру мерзімдерінің жоспар – кестелерінен;

Қашықтықтан оқыту технологиясы қосымша жиынтықтармен қамтылған:

-         оқыту сипатындағы компьтерлік мультимедиялық бағдарламардан;

-         анықтамалық – әдістемелік материалдардан;

-         бақылау, курстық жұмыстар және рефераттарды  жазған білімді жүйелейтін іздеу жүйесінен оқыған материалдарды бақылау, бекітуге немесе әлде бір ұғымдардың түсініктемесін беретін глоссарилерден; 

     Емтихан пәнді оқып – үйренудің кезеңі болып саналады. Әрі студенттердің теориялық білімдері мен біліктіліктерін істің шешімін табуда қолдана білуін тексеруді мақсат етеді. Ал қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшелігі – студенттің оқу және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істей білу дағдысы.

    Студенттер жылына екі рет сессия тапсырады. Дәл осы уақытта қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алатындарға арнайы жабдықталған компьютерлік сыныптарда сабақ жүргізіледі.

STELLUS - порталы

PLATONUS қашықтықтан оқыту технологиясы

TAMOS автоматтандырылған оқыту жүйесі

 


Баспа бөлімі

Қазақ қатынас жолдары университетінде ғылыми жинақтар басып шығаруды жүзеге асыратын, студенттерге арналған мәтіндерді, плакаттарды, құжаттардың ксерокөшірмесін басып шығаратын, бұқаралық мерекелік іс- шараларды суретке түсіретін, сондай – ақ жеке суретке түсіретін баспа бөлімдері жұмыс істейді. Баспа бөлімінде «Экспрес ТЖ» газеті мен «Қазақстан өндіріс көлігі» журналы шығарылып тұрады.


Кітапхана

Кітапхана меңгерушісі : Қорқақбаева Ақерке Нұрсолтанқызы

Кітапхана университеттің мәдени және ақпараттық орталығы болып табылады және  осы оқу орнының оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде маңызды рөл атқарады.

   Кітапхана тарихы Қазақ қатынас жолдары университетінің (ҚҚЖУ) ашылған күнінен, яғни 2000 жылдан басталады. Университет  өскен сайын оның  кітапханасы да байып келеді.

   Кітапхана қоры негізінен университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспары мен бағдарламаларына, кафедра ұсынған оқулықтарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ оқырмандардың өтініш – талаптарына лайықты құралған.

   Оқырмандардың библиографиялық – анықтама  қызметіне мыналар кіреді:

  • жұмыс бойынша кітапхананың библиографиялық - анықтама аппаратынан кеңес алуға;
  •  қазақстан мен ресейдің газет-журналдардағы жедел ақпаратты мақалаларды дәстүрлі және электрондық жүйелі картотекаға енгізу;
  • 2008 жылдан бастап жол қатынасы бойынша жоғарғы кәсіби білім беретін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымының, сондай-ақ оқытушы-профессорлардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мақалалары дерек қорға енгізіліп отыр. 
  • «сұрақ-жауап» түрінде  жүзеге асыру;
  • басшының сала аралық  (ДОР)  қамтамасыздығыніске асыру;
  • «Ақпараттар күнін», «Кафедрадағы кітапхана күнін» өткізу.

Бүгінде дерек қорда 20620 құжат есепке алынған. Электронды каталог (ЭК) 2007 жылдан бастап автоматтандырылған кітапханалық «КАБИС»  бағдарламасы бойынша енгізіліп келеді. Электронды каталогтың (ЭК) дерек қорындағы каталогтары:

  • «Кітап қорында» – 356622
  • «Қордағы орысша кітаптар» – 265883
  • «Қордағы қазақша кітаптар» – 90739
  • «Авторефераттар» – 179 док. (240 экз.)
  •  «Диссертациялар» – 160 док. – (130 экз.)
  • «Оқытушы-профессорлардың мақалалары» – 789 док.
  • «Ғылыми еңбектер» – 150 док.
  • «Электронды нұсқалар» – 505 док.

Республиканың  Жоғары оқу орындары арасындағы электронды кітапханасы

Темір жол көлігіндегі білім беру оқу-әдістемелік орталығының электрондық кітапханасы

Электрондық каталог

 


Жастар істері жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ҚҚЖУ (№1 хаттама) Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІЖК) қалыптастырды - университеттің құрылымдық бөлімшесінің негізгі міндеттері студенттердің бастамаларын қолдау, патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық сана қалыптастыра отырып, студент жастар тұлға ретінде өзін-өзі дамуына ықпал етеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет мынадай бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырады:

  • студент жастардың құқықтары мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ету мақсатында ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • университеттің қоғамдық ұйымдарының координациялық қызметі,өзін-өзі басқару ұйымы  мен клубтарының қызметін үйлестіру;
  • діни экстремизмнің алдын алу, студент жастар арасында құқық бұзушылықты және пайда болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  болдырмау үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
  • салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, этномәдени тәрбиеге, моральдық, қоғамдық - саяси іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • темекі шегудің алдын алу және студенттер арасында темекі шегушілер санын қысқартуға, нашақорлыққа қарсы күрес мақсатында сауықтыру–тәрбие  жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мемлекеттік тілде тілдер кафедрасымен, бірлескен  қоғамдық   ынтымақтастық  іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • моральдық және психологиялық, шығармашылық және әлемдік  мәдениет элементтерін, үлкенді сыйлау, тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру; 
  • ЖІЖК-тің күнделікті жұмысын оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры үйлестіреді; Студенттің  ішкі потенциалын дамыта отырып, өзінің қоршаған ортаға  деген   көзқарасын  қалыптастыру;
  • студенттердің өзін-өзі басқару ісіне қатысуы  (студенттер жиналысына)  және олардың университеттегі студенттік өмір мәселелері бойынша бірлесіп  қабылдаған  шешімі;
  • Комитетті құру кезінде студент контигентінің ішінен көшбасшыларды анықтау және оның қалыптасуына  жағдай жасау ;
  • көшбасшы студенттер  топтарының басқару қабілеттерін (менеджмент дағдыларын) дамыту.

ҚҚЖУ ЖІЖ комитетінде  6 бөлімшелер немесе бөлім бар:

1. «Ғылым» бөлімі оқу процесімен тікелей айналысады  (студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі және мінез-құлықы), жанжал болған  жағдайда   шешім  шығаруды, экономика және талқылау өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен семинарларды ұйымдастырады. ЖІЖК Оқу бөлімі - «Студенттік деканаттың» бір түрі.

2. «Қоғаммен байланыс жасау» бөлімі студенттерге университетте өткізілетін әртүрлі халықаралық бағдарламалар мен жобалар туралы ақпарат береді. Университеттің халықаралық бөлімімен тығыз байланыса отырып, университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты жинайды және ЖІЖ комитетіне тиесілі акциялар туралы студенттерге ақпарат  беріп отырады.

3. Студенттік жобалар орталығы (СЖО) - бұл студенттердің белсенді жұмыс саласы, студенттік жобалар: жас ғалымдар кеңесі, ҚҚЖУ студенттік қабырға газеті,  Зияткерлік Олимпиадалар, КТК, дебаттық-талқылау клубы және т.б. Бөлімнің қызметі олардың идеяларын кез келген деңгейде нығайтуға және жүзеге асыруға бағыттайды.

4. «Шығармашылық» бөлімі жарнамамен айналысады: бейнероликтер, фотосуреттер, әртүрлі іс-шараларды  дайындап құрастырады.

5. «Іс-шаралар» бөлімі университетте өтіп жатқан іс-шараларды ұйымдастырумен және студенттер арасында әуесқой клубтар жұмысын қадағалаумен айналысады.

6. «Спорт» бөлімі  спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға жауап беріп, ҚҚЖУ спортшыларының университеттік, қалалық, республикалық масштабтағы іс-шараларға қатысуына көмектеседі.


Студенттер үйі

Қазақ қатынас жолдары университетінің жатақханасы

    

 

 

 

 

 

 

 

 

Жатақхананың ішкі көріністері

  

 

Жатақхананың бөлмелері

 

 

Жатақхананың оқу залы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медпункт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер үйіне орналастыру үшін онлайн өтінім


Қазақ қатынас жолдары университеті түлектерінің ассоциациясы

Спорт кешені

ҚҚЖУ спорткешені  2009 жылдың ақпанынан пайдалануға берілді.

Спорт кешенінің көлемі 36м х 16м болатын ойын залы, балконы бар.  Өрмелеп шығуға арналған арқандар, гимнастикалық шығыршықтар мен 15 керме, ресейлік боз кілем төселген күрес залы, барлық жабдықпен қамтамасыз етілген айналы жаттығу залы бар. Сонымен қатар зілтемір, гантельді гир, теннис үстелді залы, айналы гимнастика залы, дойб, шахмат, тоғызқұмалақ ойнауға арналған залдар бар. Жаттығу студенттер үшін ақылы – айына 3000 теңге, аптасына үш рет. 2 сағаттан спорткешенінде жоғары дене шынықтыру білімі бар 6 оқытушы жұмыс істейді.


Сайт бойынша


Жаңалықтар

Білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінішті қалай беруге болады? Ары қарай...
Құрметті Талапкерлер! Ары қарай...
Сізді тікелей эфирде күтеміз Ары қарай...
Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі Ары қарай...

Байланыс ақпараты

№ 1, 2, 3 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: kups1@mail.ru
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү., Жетысу-1ықш-ауданы, 32а
Мына автобустармен келе аласыздар: №67, 112, 85, 95, 106


№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: kups1@mail.ru
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.
Мына автобустармен келе аласыздар: №67, 112, 85, 92, 4

s